АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ АСАБАЛАР ТОЙДЫҢ ӨТПЕУІНЕ ҚАРСЫ ШЫҒУДА

Бүгіннен бастап елімізде төтенше жағдай жариялады.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, сондай-ақ, отбасылық, еске алу іс-шараларды өткізуге тыйым салынады деген болатын.

Бұл жағдайға байланысты атыраулық асабалар тойдың өтпеуіне қарсылық танытуда.

«Қаншама еңбек қаншама тер ,қарыз шыдам. Оңай емес ол. Өзімді ойлап отырған жоқпын ,барлық жақтан қарастырып отырмын. Күніне 2-3 мың тапса да нанынан айырып отырған официанттар, бишілер бәрі еріккенен жүрген жоқ қой. Нақты сол «вирус» тойдан шығады десе ,онда әңгіме жоқ. Анау жабылсын, мынау жабылсын деп те санаспаймын. Бір жағынан дұрыста шығар,бір жағынан ойға сыймайтын әңгіме», – деді атыраулық асаба Бекболат Әміржанов.

Қаламыздағы белгілі асаба Нұртілек Шайхиев болса, кредитті де тоқтату керек деп жазды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button