АТЫРАУДА 205 МЫҢ ҚОРТПА ШАБАҒЫ ЖАЙЫҚҚА ЖІБЕРІЛДІ (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Өткен жұма күні, яғни, 27 тамызда Атырау қаласы маңындағы Томарлы ауылында орналасқан «CASPIAN ROYAL FISH» фермасының тоғанында өсірілген 205 мың қортпа балығының шабақтары Жайыққа жол тартты, деп хабарлайды Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

whatsapp image 2021 09 01 at 17.29.45

Басқарма басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, «CASPIAN ROYAL FISH» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл жолы Жайық өзенін мемлекеттік тапсырыс аясында балықтандырып отыр. 

whatsapp image 2021 09 01 at 17.29.43

Тиісті мекемелер мен жергілікті балық шаруашылығы басқармасының өкілдерінен құрылған комиссия мүшелері шабақтардың санын есептеп, қабылдап алды. Содан соң, арнайы тұрба бойымен су ағызу арқылы Жайыққа жіберді.

whatsapp image 2021 09 01 at 17.29.46
whatsapp image 2021 09 01 at 17.29.44 2

– Біз осындай шаралар арқылы өңірдегі су айдынын бекіре тұқымдас балық қорымен толықтыруға үлес қосып жатырмыз, – дейді «CASPIAN ROYAL FISH» фермасының бас балық өсірушісі Ахат Ниматов бізбен әңгімесінде. – Зауыт ашылған 2014 жылдан бері мұнда бағалы балықтың төрт түрі – орыс бекіресі, сүйрік, қортпа мен сібір бекіресі өсіріліп келеді. Арасында үш-бес жылдық балықтар да кездеседі. Серіктестік ұжымы балыққа қажетті жемді Польшадан алдырып отыр. Себебі, бассейндердегі тұйық суда өсірілетін балық үшін сапалы азық қажет. Рас, жем Қазақстаннан да, көршілес Ресейден де табылады. Алайда, сапасы төмендеу болып тұр.

whatsapp image 2021 09 01 at 17.29.43 1

Айта кетейік, «CASPIAN ROYAL FISH» серіктестігі бүгінде – «Жумамуратов К.Е.», «Шабаров В.А.», «Самаров А.В.», «Инвалиды войны в Афганистане», «Микор», «Розенко В.В.», «Толқын», «АН-групп», «Колесник С.В.», «Таушық ауыл шаруашылығы», «Батыс Мунай Транс», «Исатай Оперейтинг Компани» және «Актау балык компани» мекемелері секілді табиғат пайдаланушылармен жемісті жұмыс жасап жатыр.

whatsapp image 2021 09 01 at 17.29.47 1
whatsapp image 2021 09 01 at 17.29.44 1

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com