Атырауда «қызыл» мәртебемен қоғамдық орындарға барған 27 адамның тізімі жарияланды.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «қызыл» мәртебемен қыдырып жүргендердің арасында 21 адам Атырау қаласынан анықталған. Ал, Жылыой, Қызылқоға, Мақат, Индер аудандарынан – 1, Махамбет ауданынан 2 адамнан «қызыл» мәртебе табылған.
«Бұлар – коронавирус инфекциясымен сырқаттанған және науқаспен қарым-қатынаста болғаны үшін үй жағдайында оқшауланған адамдар. Алайда, олар 14 күнге өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған. Сол себептен, «қызыл» мәртебесі бар 27 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-тармағына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
“Қазақпарат”