АТЫРАУДА

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ШЕТ ЕЛДІКТЕРМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 4 ЕСЕ АЗ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕНГЕН

2018 жылдан бері 28 кәсіпорында 719 жұмысшының алдында барлығы 168,9 млн. теңге еңбекақы берешегі қалыптасқан. Қабылданған шаралардың қорытындысымен барлығы 161,2 млн. теңге еңбекақы берешектері өндірілді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брфингте Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров мәлімдеді.
Басқарма тексерісінің нәтижесінде қазақстындық жұмысшы мен шет елдік жұмысшы бірдей қызмет аттқарса да, еңбекақыларында ойдай айырма болғандығы анықталған. Мысалы, «Sarens Kazakhstan LLP» ЖШС-інде супервайзер лауазымындағы қызметкер 750 мың теңге көлемінде айлық алса, дәл осы лауазымдағы шет ел азаматы 3 млн теңгенің үстінде алған.
«Қазіргі уақытта 3 мекемеде 89 жұмысшынЫң алдында барлығы 30 млн. теңге еңбекақы берешегі қалыптасқан ( «Water Energi» ЖШС- 4,4 млн. теңге, «Казэлектрикум» ЖШС- 342 015 теңге және «Catering Lider Company» ЖШС – 25 млн. теңге).
Екі мекемеге қатысты жинақталған құжаттар мекеме басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Еңбек инспекциясымен еңбекақы берешектерін жою туралы ұйғарым беріліп, 56 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 8 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды.» – деді спикер.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button