АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПТІК БАЛЫҚ АУЛАУҒА БӨЛІНГЕН КВОТА САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылық су қоймалары Қазақстан Республикасында зор маңызға ие. Жайық және Қиғаш өзендері сияқты су қоймалары кәсіптік балық түрлерінің үлкен қорымен ерекшеленеді, өйткені оларда балық жайылымы мен уылдырық шашуы табиғи жағдайларда сақталған.

«Облыс бойынша Жайық-Каспий бассейнінен кәсіптік балық аулаумен 18 табиғат пайдаланушы кәсіпорындары айналысады.  

2019 жылы облыс бойынша кәсіптік балық аулауға  15464,5 тонна квота бөлінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда  4746,5 тоннаға артып отыр деген сөз.

«Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК-ны мен «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК-ны Жайық өзенінен 2019 жылы 279 дана бекіре тұқымдас балық аулады, оның ішінде аналығы 113 дана, 2018 жылмен салыстырғанда ауланған балық  1,1 есеге артып отыр», – depti Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының маманы Сағадат Ақылбеков.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button