Бүгін Атырау-Индер жолында сиыр көлікті аударып тастады

by Depti
1 views

Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды:

21 желтоқсан күні сағат 4:30 шамасында Атырау – Индер тасжолында 1996 ж.т., жүргізушінің басқаруындағы Lada Рriora автокөлігі сиыр малына соқтығысып, салдарынан көлікті басқара алмай жол жиегіне аударылған. Жол-көлік оқиғасынан түрлі дене жарақаттарын алған жүргізуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орны сызылып, тергеу басталды.

  • Атыраулық полицейлер жолда жүру кезінде көлік жүргізушілеріне сақ болу қажеттігін ескертеді. Ауа райының күрт салқындауы жолдың тайғақ болуына ықпал етеді, сондықтан жылдамдықты шамадан тыс асырмай, өзіңіздің де өзгелердің де қауіпсіз сапарын қамтамасыз ету қажет.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com