АТЫРАУДА

ӨРТТЕН ЕКІ БАЛА ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Республика бойынша автокөліктерден шыққан өрт өршіп келеді. Өрт оқиғалары қайғылы жағдайлармен, адам шығынымен аяқталған.
«2016-2019 жылдары аралығында 374 автокөліктегі өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам, оның ішінде 2 бала көз жұмып, 34 адам жарақат алды» – depti Атырау облысы бойынша «Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы» бастығы Жасболат Бержанов.
Көліктегі өрттің дені тоқтың қысқаша тұйықталуы салдарынан болған. ТЖД көлікті техникалық тексерістен өткізгенде, электр тоғына баса назар аударуларын ескертеді. Ал газбен жүретін көліктерде балонды шамадан тыс толтырғанда жарылу ықтималдылығы жоғарылайтындығы анықталған. Көліктегі газ балонды ереже бойынша 80 пайызға дейін ғана толтыру керек.


Айта кету керек, көліктердің біразында өрт сөндіру құралдары жоқ. Барлық көлік жүргізушілері арнайы өрт сөндіру балонымен қамтамасыз етілгені дұрыс. Өйткені көліктен шыққан өрт жылдам өршіп, 5-6 минут ішінде тұтастай өртеніп кетеді. Сәйкесінше өрт сөндіру құрылғысының жарамдылық мерзіміне қарап, өртті сөндіруге бірден кіріскен абзал.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button