Атырауда тілдер фестивалі қортындыланды

by Depti
3 views

Шара аясында тілдерді дамытуға үлес қосып жүрген сала мамандары мен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы қазақ тілін дамыту үшін барлық күш жігерді жұмсау керектігін айтты.

«Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлеп, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деді ол.

whatsapp image 2021 09 06 at 20.09.22

Шарада тілдердің дамуына үлес қосып жүрген жас мамандар ҚР «Білім және Ғылым министрлігі» және «Тіл саясаты» комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Олардың қатарында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің халықаралық бөлімінің басшысы, филолог Қарлығаш Әшірханова, филология ғылымдарының кандидаты Жомарт Мұхамбетов,
Атырау облысының тілдерді дамыту басқармасының тіл саясаты талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Айгүл Қуаныш, Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімің бас маманы Ғаухар Құрманғазиева бар.

Сонымен қатар, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысқан бір топ өзге ұлт өкілдеріне облыстық тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттары табысталды.

Суреттер: Ерлан Алтыбаевтікі.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com