АТЫРАУДА

Атырауға сирек кездесетін сары құтан келді

Жайық өзенінің жағалауында серуендеп жүрген жергілікті тұрғын Юлия Вахмистрова сары түсті құтанды байқап, суретке түсірген.

«Табиғат аясына, әсіресе өзен жағасына жиі серуенге шығып тұрамын. Бірақ, бұрын мұндай құсты кездестірмеген едім. Бұл жолы Жайық өзенінің сол жағалауынан сары түсті құтанды көрдім. Бастапқыда таңданғаным рас», – дейді Юлия Вахмистрова.

Жергілікті эколог, «Глобус» ҮЕҰ-ның жетекшісі Галина Чернованың пікірінше, бұл –сулы-батпақты жерде жүретін құс. «Сары түсті құтан Мысырдан келуі мүмкін. Біздің өңірде сирек кездесетін бұл құстың жирен түстес түрі бар. Алайда, сары құтанға қарағанда үлкенірек болады», -дейді Г.Чернова.

«Қазақпарат»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button