АТЫРАУДА

«ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ӘЙЕЛДЕР ТЕГІН БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

«Жусан» операциясы бойынша елге оралған әйелдер бетперделер тігіп, халыққа тегін таратуда. Бұл игі іс «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен жүзеге асырылып отыр. 

Жуырда қолға алынған бұл бастамаға  15-ке жуық әйелдер жұмылдырылған. Олар күніне 300 бетперде тігіп, балалар мен қарттар үйіне және аз қамтылған отбасылар мен қала тұрғындарына таратуда. 

«Алла тағала Құранда, бір-бірлеріңе жақсылықта көмектесіңдер деген. Сол үшін, бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деп көмек ретінде осындай іс атқарудамыз. Материалын айтар болсам, мақта матадан тігіліп жатыр, және де оны бірнеше рет жуып қайта пайдалануына болады», – дейді орталықта қызмет ететін Перизат Еркібай.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button