АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

АТЫРАУДА АВТОКӨЛІК ВЕЛОСИПЕДШІНІ ҚАҒЫП КЕТТІ… (+ВИДЕО)

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

https://www.youtube.com/watch?v=E8PH8ycoM-4

Жергілікті ПД бөлім басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, 12 тамыз күні, сағат 19.04-те, Мақат ауданы ПБ-нің кезекші бөлімінің 102 арнасына белгісіз адам қоңырау шалып, Мақат кентінде тас жолдың бойында, белгісіз автокөлік жас баланы қағып кеткені туралы хабарлаған.

1968 ж.т. азаматтың басқаруындағы «Toуota SIENNA»  автокөлігі жолдың оң жақ бетіндегі жол қиылысынан
велосипедпен шыққан 2012 ж.т. азаматты абайсызда қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Нәтижесінде жасөспірім оқиға болған жерде есін жимастан қаза болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button