Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық Заида Жаңабаеваның күйеуі мен жергілікті мас жігіттер төбелесіп қалды. Бірақ олар оқиға орнынан кетіп үлгерді, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқиға сенбіден жексенбіге ауған түнде Атырау орталығындағы мейрамханалардың бірінде болған. Заида Жаңабаева нигериялық қайын жұртымен кешкі ас ішіп, көңіл көтереді. Мейрамханадан шыққаннан кейін, бірнеше жігіт нигериялық күйеу балаға тиісіп, балағаттап, тіпті қол ала жүгіреді.
- Ол мәмбетті адамдар қайта-қайта алып кетеді. Бірақ ол мәмбеттік жүрісімен, қайтадан келіп, тиісті. Бізбен отырған қазақ жігіті оны басқа жерге алып кетті, — дейді Заида Жаңабаева.
Заида болған оқиғаны толық бейнежазбаға түсірген. Тіпті әлгі қазақ жігітмен нигериялық күйеу жігіттің жаға жыртысқанын да көруге болады. Кейін олар тоқтаған көлікке отырып алған да, оқиға орнынан кетіп қалған.
- Джесси (күйеуі) оны ұрып жіберді, өйткені ол мас адам мені итеріп жіберді. Негізі ол мас адамды ұрғысы келмеген, — дейді нигериялық келін.
— Неге құқыққорғау органдарына қоңырау шалмадыңыздар?
— Өкінішке орай, мен біздің құқыққорғау органдарына сенбеймін. Бұл жәй ғана уақыт жоғалту сияқты. Шүкір, осыған дейін полицияға да, сотқа да арыз жазбаппын. Олар сені әрлі-берлі сүйрейді. Сотқа берсек, біздің айғақтарымыз жетерлік.