АТЫРАУДА

Атыраулық парадзюдошы күміс жүлдегер атанды!

Дәулет Теміржан Атырау облысының Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Токио ойындарында атыраулық парадзюдошы ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. 73 келі салмақта белдесетін жерлесіміз алғашқы кездесуінде әзірбайжандық Газимов Рамилді ұтса, ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жүлдегері, неміс Хоркас Николайдан басым түсті.

Ақтық сынға жолдама үшін белдесуде грузиялық Калдани Джорджиді қапы қалдырды. Алтын жүлде үшін таласта өзбекстандық Рио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Саидов Феруздан ұтылды.

Осылайша, ел парадзюдосының тарихындағы екінші медальді Дәулет Теміржан жеңіп алды.

Айта кетейік, кеше ғана 60 келі салмақта Ануар Сариев те күміс жүлде еншілеген болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button