АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

БАЙШАҚАДА БАЛЫҚ ӨЛІМІ ТІРКЕЛДІ (+ВИДЕО)



Атырау облысы Байшақа учаскесіндегі суару-суландыру жүйесінде балық өлімі тіркелді, деп хабарлады Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

2021 жылғы 10 тамыз күні Атырау-Астрахань тас жолының оң жақ бетінде 16 разъезд ауылының тұсындағы Байшақа учаскесіндегі суару-суландыру жүйесі арнасында балықтардың қырылу фактісі анықталды. Суландыру-суару жүйесі «АтырауСушар» РМК балансында.

Жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен барлық мүдделі органдар хабардар етілді.

«АтырауСушар» РМК-мен өлген балықтарды жинау және санитарлық нормаларды сақтай отырып жою ұйымдастырылуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button