Атыраулық жігіт радикалдық қақтығыстарға шақырған

by Depti
0 views

Қамауға алынғандар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері.

Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі.

«13 тамызда ұлттық қауіпсіздік қызметі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынған. Олар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады», – делінген хабарламада.

Ведомство өзге мәліметтің тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жария етілмейтінін атап өтті.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com