АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҚОҒАМДЫҚ ДӘРЕТХАНАЛАР ОРНАТЫЛУДА

Өткен жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ашық электронды конкурс жариялап, модульді 5 дәретханаға тапсырыс берді. Конкурс нәтижесі жыл аяғында қорытындыланып, жеткізуші мекемемен келісім-шарт жасақталған еді. Енді, екі жақты келісіммен биыл дәретханалар қалаға жеткізілді.

– Қазіргі уақытта 5 дәретхананың екеуі ғана орнатылды. Олар «Жеңіс саябағы» мен «Махамбет-Исатай» алаңының маңында. Әзірге олар коммуникация жүйелеріне қосылмағандықтан, пайдалануға берілген жоқ. Ал, қалған 3 дәретхананы орнатуға жұмыстанып жатырмыз. Өйткені, атап өткеніміздей дәретхана маңына коммуникация желілері жүргізілген болуы шарт және толық іске қосу үшін өзге мекемелермен келісм жүргізіледі, – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің баспасөз-хатшысы Аңсаған Сағынбаева

Айта кетейік, мұндай қоғамдық модульді дәретханалардың орнатылуы бұрын-соңды қаламызда болмаған. Мамандар, бұл жоба сәтті іске асқаннан кейін, тағы да тапсырыс беруді көздеп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button