АТЫРАУДАҚазақстанда

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облысы әкімінің Өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып Болат Әлмұханұлы Исаков тағайындалды.

 Болат Әлмұханұлы 1968 жылы Жамбыл облысында туған. 1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды «Қолданбалы математика», ал 1999 жылы «Әділет» жоғары құқық мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы «Тараз» өңірлік ішкі экономикалық тауар өндірушілер ассоцияциясының инженері болып бастаған.

Соңғы жұмыс орны—Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button