АТЫРАУДАCOVID-19

COVID-19: Атырауда 66 науқастың жағдайы ауыр

10 пациент ӨЖЖ аппараттарына қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1307 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 49,6 % құрайды (2632 төсек-орынға).

Реанимация бөлімшелерінде 66 пациент жатыр, олардың 10 ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 58,4 % (113 орынға) құрайды.

Атырау облысындағы 2021 жылғы 26 шілдедегі эпиджағдай бойынша ақпарат:

✅Бір тәулікте 420 адам Covid-19 жұқтырды;

✅ 1 307 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда;

✅ Covid-19 анықталған 66 науқас реанимацияда жатыр;

✅ Реанимация бөлімшелерінде 10 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған;

✅ 3 443  пациент үй жағдайында емделуде;

✅ 257 адам Сovid-19-дан емделді;

✅ Covid-19 қарсы  вакциналардың I компонентімен 134 737 адам егілді;

✅ Covid-19 қарсы вакциналардың II компонентімен 83 831 адам егілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button