АТЫРАУДА

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕҢБЕК ЕТЕТІНДЕР ҚАЙТЕДІ?

«Еліміздегі төтенше жағдай мен карантинге байланысты вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың ауысымы уақытша тоқтатылады. Яғни вахтада жүргендер жұмысын жалғастыра береді, ал үйінде қалғандарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі ақша төленеді.», – depti Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

ТШО компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев, өз кезегінде компания тарапынан басқа өңірлердегі жұмысшыларды шақыру тоқтатылғанымен, Атырау облысының тұрғындарына шектеу жоқ екендігін айтып өтті. «Тек олардан талап етілетіні соңғы 14 күн ішінде облыс аумағынан шықпағандығы жөніндегі анықтама», – дейді бас менеджер.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button