НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 12 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ПАТЕНТ АЛДЫ

by Depti
0 views

Елордадан қуанышты хабар жетті: аймақтағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Бибарыс Ғилаж мектеп тарихында өзінің авторлық жұмысына ресми патент алған төртінші оқушы болды. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол «Шаңырақ» ұялы бағдарламасына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еріктілер үшін қажетті деректерді жинаған. Мұнда кәдімгі әлеуметтік желі сияқты тіркелушілер жеке профильдік-аккаунт ашады және қосымшадағы басқа да қолданушыларды қауымдастықтарға енгізе алады.
– Менің білуімше, қазіргі ақпараттық кеңістікте барлық қазақстандық еріктілердің басын қосатын және олар туралы ресми мәліметтер беретін деректер қоры жоқ. Бұл мобильді қосымша арқылы мен осындай проблемаларды шешудің жолын іздедім», – дейді өнертапқыш.
2020 жылдың 31 наурызында берілген «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлігіне» сәйкес Бибарыс өз жобасын нарыққа да шығара алады.


– Бибарыс дайындаған мобильді қосымша белгілі қауіптерді алдын алуға және жасырын деректердің таралмауына септігін тигізбек. Қосымшада тек әрбір адамға қажетті негізгі функциялар қолжетімді болады. Мұнда қажетсіз жарнамалар мен спам ескертулер болмайды», – дейді мектеп оқушысының ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Қазбек Әзербаев.
Жас ғалымның мәліметінше, жобаны дайындау үшін ғылыми ресурстарды зерттеуге көп уақыт жұмсалған. Оның нәтижесі патент алудан бөлек одан да зор мүмкіндіктер беріп отыр. Өйткені ақпараттық-технологиялар саласындағы тәжірибемен болашақ мектеп түлегі әлемнің кез-келген университетінде тегін оқуға мүмкіндік алмақ. Бүгінде Бибарыс бағдарламалау тілін толық меңгеріп алуды алдына мақсат еткен.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com