АТЫРАУДА

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА 5 300 000 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Әрбір қазақстандық төтенше жағдай кезіндегі тәртіпті орындамаған жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатындығын білуі тиіс.

«   – Әкімшілік кодекстің 476  бабы бойынша, ТЖ режимін бұзғандарға 10 АЕК   көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады;

-ТЖ кезінде процецуалды заң тәртібін бұзған жағдайда  40 АЕК көлемінде айыппұл немесе 30 тәулікке қамау;

-Санитарлық нормаларды мен тәртіпті бұзған жағдайда  2000 АЕК түріндегі айыппұл салынып, қызметі тоқтайды. Ал бақылаушы органдарды талаптарын орындамаса 500 АЕК есебінде айыппұл салынып, қызметі тоқтайды;

– Абайсызда адамдардың жаппай ауыруына, індетті жұқтыруына немесе өлім жағдайына жеткізгедер, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі;

–  ТЖ жарияланған аймақта қылмыстық-заңдық құқық бұзушылық шарасы Қылмыстық кодекстің 14 бабында жазылған. Оның ішінде жалған ақпарат таратқаны үшін (3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу), билік өкіліне бағынбау (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу), заң өкіліне зорлық-зомбылық  жасалса (7-12 жылға бас бостандығынан айырады),   құқық қорғау органдар, әскери, арнайы мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасалса (15-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеп,  өмір бойғы бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.  ТЖ шараларын ұйымдастыруға кедергі келтіргендер (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу)  заң алдында жауап береді» – depti ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мұндай қатаңдатылған шаралар қоғамдық тәртіпті сақтап, қауіпті індеттің таралуына қарсы іс-шаралардың сапалы әрі нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button