АТЫРАУДА

Қазақстандық спортшы – Токио Паралимпиадасының чемпионы!

Бүгін, яғни, 26 маусым күні пара пауэрлифтингтен ерлер арасында Давид Дегтяров алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. 

54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол ақтық кезеңде топ жарып, ұлттық құрама қоржынын алғашқы алтынмен толтырды. Спортшының үздік көрсеткіші – 172 килограмм салмақ. Давид алғашқы мүмкіндігінде 170, кейін 172 мен 174 келіні бағындырып, бағы жанды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button