АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫ АЛҒАШҚЫ ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

 Дәрігерлер қазіргі таңда коронавирус инфекциясымен  №2 облыстық ауруханада емделіп жатқан үш науқастың жағдайы туралы баяндады.

Таңертеңгілік тексерістің  нәтижесінде   науқастардың  дене қызуы жоқ, шағымдары жоқ, жағдайлары қалыпты екені белгілі болды.

Айта кетейік,  Атырау облысында коронавирустық инфекцияның алғашқы 3  жағдайы  27 наурыз күні анықталған болатын.  Талдау қорытындысы 31 жастағы қызға, 19 жастағы жас жігіт пен  14 жастағы қыз балаға оң нәтиже берді.

 Вирус жұқтырғандармен  тығыз байланыста болған барлық адамдар оқшауланып, карантинге жатқызылды.  Олардан коронавирустың бар-жоғын  анықтау үшін тест алынды,  нәтижелері жақын арада дайын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button