Жарылыстарды әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейресми ақпарат бойынша Байзақ ауданының орталығы – Сарыкемер ауылының маңындағы әскери бөлім аумағында жарылыс болуы мүмкін. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кем дегенде үш жарылыс болған.
“Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде. Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда” деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.