АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА ЕКІ КҮННІҢ ІШІНДЕ 17 ЖЕҢІЛ ЖҮРІСТІ ҚЫЗ АНЫҚТАЛДЫ

Республикалық «Учаске» жедел профилактикалық алдын алу іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тек екі күнде қаладағы «Авангард»,» Алмагүл » және «Вокзал маңы» ықшам аудандары мен Абай, Махамбет көшелеріндегі көп қабатты үйлердің пәтерлерлерінде клиенттерге «қызмет көрсетумен» айналысуды кәсіп еткен 17 қызды анықталды
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «қоғамдық орындарда сексуалдық сипатта қызметтер көрсету», 492-бабы «ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жеке басы құжаттары жоқ 4 бойжеткен полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Сонымен қатар, осы пәтерлерді жалға берген пәтер иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру» бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жауапкершілікке тартылды «Учаске» профилактикалық жедел шара 1 желтоқсанға дейін жалғасуда.

Фото ашық дереккөзден алынды

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button