ҚазақстандаСАРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Атырау облыстық Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінде онлайн іс-шара өтті.
Елімізде жарияланған карантинге байланысты және коронавирустық инфекцияға байланысты онлайн түрде өткен іс-шараға УГ-157/1 (Тергеу изоляторы) қызметкерлері қатысты. Шара қуғын-сүргіннің құрбаны болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы Құндыз Өтемісова саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталғандығы жөнінде баяндама оқып, осы нәубеттің қасіретіне тоқталды.

Әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930 жылдарда 1,5 миллионнан 2,5 миллион адамға дейін шығын болды. Ал үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланысты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылықты сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша қазақтар іс жүзінде 15–20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Біз тарихтың осындай қасіретке толы беттерін ұмытпауымыз керек, – дейді Құндыз Өтемісова.
Шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, келесі жылы міндетті түрде ескерткішке гүл шоқтарын қоятындықтарын жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button