АТЫРАУДАСАРАПТАМА

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАДЫ

«Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Қазақстан Тұрғын үй Құрылыс Жинақ банкі» АҚ-на  «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» бағыты бойынша жолдама беру үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың  3, 4 маусымында қайта жалғасады.

  Бағдарламаның шартына, сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған:

⠀️- төрт және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар (жоғарғы оқу орындары, колледжде және басқа оқу орнында күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда) көп балалы отбасылар;

⠀️- кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар (ажырасқан жағдайда неке бұзылған уақыттан бастап 3 жыл өтуі тиіс);

⠀️- отбасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар қатыса алады.

⠀Қажетті құжаттар тізімі:

✔Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);

✔Неке туралы куәлік (неке бұзу туралы, әкесі деп тану туралы, №4 нысан),

✔Туу туралы куәлік (тұпнұсқа және көшірмесі),

✔Мүгедектігі туралы анықтама (мүгедек болған жағдайда),

✔Меншік құқында тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне),

✔Соңғы 6 айдың жалақысы жөніндегі анықтама.

⠀Құжаттарды төмендегі мекен-жайға тапсыруға болады: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №101а, №3 терезе.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button