САРАПТАМА

ЕКІ ТҮНДЕ 70-КЕ ЖУЫҚ АДАМ КӨШЕГЕ СЕБЕПСІЗ ШЫҚҚАН

  Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгерістерге байланысты 6 сәуірден бастап қалада бірқатар шектеулер енгізілді. Қала тұрғындарына сағат 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салынды, алайда жағдайды түсінбейтін азаматтар аз емес.

 Ағымдағы айдың 8 және 9 сәуірге қараған түндері  көшеге ешбір себепсіз шыққаны үшін полицияға 70-ке жуық (40 және 29) азамат жеткізілді, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабы «төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар ресімделіп, материалдар сотқа жолданды. Жалпы, төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап облыста  төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 180 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 67-і қамауға алынды.

Мас күйінде патрульге бағынбаған 9 адамға қатысты ӘҚБтК-нің 478-бабы «төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бойынша хаттамалар толтырылды.

Осы уақыт ішінде блокпостарды айналып өтпекші болған 21 әрекет тоқтатылды, оның ішінде 13-і жеке автокөліктерімен айналма жолдарда анықталды. Осы мерзім ішінде облыс полицейлері 3 000-нан астам азаматтарға түсіндірме жүргізді. «Қалада  азаматтар мен автокөліктердің қозғалуына тыйым салынғанын естеріңізге саламыз. Шектеулер жұмыс жасап тұрған мекеме қызметкерлері , жедел жәрдем, өрт сөндіру, авариялық-техникалық қызметтерге қатысты емес, сонымен қатар, өзімен бірге жұмыс орнынан анықтама болуы қажет. Азық-түлік пен медициналық бұйымдарға үйден шыққанда  бетперде болуы керек. Жұмысқа жақын орналасқан дүкендер мен дәріханаларға, сондай-ақ медициналық мекемеге шұғыл бару қажет болса шығуға болады. Дүкендер, супермаркеттер, ЖМС жанындағы сауда орындары, дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін», – depti Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button