АТЫРАУДАСАРАПТАМА

КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 4 ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

«10 сәуірге қараған түні Атырау қаласында түнгі серуендері үшін 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде төртеуі шетел азаматтары.

Сағат 23.30-да Азаттық даңғылы бойында полиция қызметкерлері ер адамды тоқтатты. Атырау қаласында уақытша тұратын Түркия елінің азаматы әрі бетпердесіз болған. Сағат 00.20-да Байтұрсынов көшесінде патрульдермен тоқтатылған жас жігіт те түрік азаматы болып шықты. Осы түнде карантин режимін бұзғандардың арасында Өзбекстан Республикасының да екі азаматы болды. Құқық бұзғандарға қатысты ӘҚБтК 476-бабының 6-бөлігі бойынша ресімделген материалдар сотқа жолданды», – depti Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

42df5e47 e6e9 49d5 b81d 848f352ec53a 1

Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері ТЖ талаптарын бұзу фактілері бойынша 40-тан астам субъект жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында, алты кафе, он азық-түлік емес дүкендер, тоғыз асхана, үш букмекерлік кеңселер , бір фотосалон, екі компьютер клубтары, бір шаштараз, бір сауна, екі көлік жуу орны бар.
Айта кетейік, карантин кезінде белгіленген ережелерді сақтамаған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша ескерту алады немесе 10 АЕК (26510 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады (төтенше жағдай режимін бұзу).

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button