АТЫРАУДА

«ТЕҢІЗ» КЕН ОРНЫНДА ТАҒЫ 9 АДАМНАН COVID-19 ІНДЕТІ АНЫҚТАЛДЫ

«Олар Жылой ауданы, «Теңіз» кен орнындағы «Ватернас» вахталық ауылындағы жұмысшылардан анықталып отыр. Індетті жұқтырғандардың барлығы осыған дейін короновирусты жұқтырған 50 жастағы әйелмен қарым-қатынаста болғандар. Сонымен қатар, індетті жұқтырған 2 адам, 50 жасар әйелмен жанама байланыста болып, Атырау қаласынан табылып отыр » – depti Атырау облысы ТЖ режимін сақтау бойынша жедел штаб өкілдері.

 Айта кету керек, Жылой ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша  8 сәуірден бастап «Теңіз» кен орнындағы «Ватернас» вахталық ауылында 14 күндік карантин енгізілді. Байланыста болған науқастарға 109 орындық карантиндік стационар әзірленген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button