САРАПТАМА

TENGRI BANK-ТІҢ БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ

Tengri Bank-тің бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды, деп хабарлайды aikyn.kz газеті.

Мұны Қаржы мониторингі агенттігі растады.

«Кеше ҚПК қызметкерлері ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде «Тенгри Банк» АҚ-ның (Tengri Bank) бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновті ұстады, тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды»,– делінген хабарламада.

Бұған дейін Tengri Bank экс-менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Ержан Шайкенов 2015-2019 жылдары «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен. Ал 2020 жылдың шілдесінен бері осы банктің директорлар кеңесінің төрағасы болды. Жабылып қалған Tengri Bank-тің салымшылары депозиттегі жинағын ала алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button