АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕ ҚОҢЫРАУ АРҚЫЛЫ ҒАНА ТІЛДЕСЕ АЛАДЫ

 Төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерге орай Атырау облысында сотталғандар туыстарымен енді бейне байланыс арқылы сөйлесетін болады. Бұл туралы Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

 – Бейнеқоңыраулар елде коронавирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ол арқылы екі жақ бір-бірін көре алады. Жазасын өтеп жатқан туғанын көру үшін жүздеген, кейде мыңдаған шақырымды артқа тастаудың, шығынданудың да қажеті жоқ. Еліміздің шалғай аймақтарында тұратындар осындай бейнекездесулер арқылы жақындарына қолдау көрсете алады. Сотталғандар әлеуметтік пайдалы байланыстардан қол үзбейді және олардың психологиялық жағдайына оң әсер етеді, – depti  УГ-157/9 мекемесінің бастығы Думан ТАЖЕНОВ.

– Мен бүгін анаммен сөйлестім. Оны ұзақ уақыттан бері көріп тұрғаным»,- depti сотталған Андрей.  – Бір-біріміздің жағдайымызды біліп, отбасымдағы жаңалықтарды естідім. Осындай мүмкіндік берген мекеме әкімшілігіне алғыс айтамын.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Департаментке қарасты УГ-157/1,9,11 мекемелерінде қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде атқарылып келеді.

– Мекеменің кіре берісіндегі бақылап өткізу бекетінде сақтық шаралары жүргізіліп жатыр. Сырттан келген келушілердің, мекеме қызметкерлерінің дене қызуын, байланыссыз стермометрмен өлшеп, қалыпты болған жағдайда ғана мекемеге кіргізеді. Антисептикалық ерітінділермен қолдарын залалсыздандырып отырады. Осы бекеттегі жұмысқа жауапты үш қызметкер, арнайы көп реттік бетперделермен және жеке қорғаныс үшін медициналық киім үлгісі жабдығымен қамтамасыз етілген,- деп хабарлайды Департаменттің баспасөз-қызметі.

Қазіргі таңда Атырау облысның түзету мекемелерінде 300-ден астам адам жазаларын өтеп жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button