АТЫРАУДА

КАРАНТИНДЕ ЖАТҚАН ӨЗГЕ АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫ АТЫРАУДАН ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?

Атырау қаласы провизорында барлығы 31 адам жатыр. Олардың тең жартысы  алдағы бес күннің ішінде шығады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,

«Көбі еліміздің әр түрлі өңірінің тұрғындары. Олардың қолына 14 күн карантинде жатқаны туралы және коронавирус инфекциясы бар-жоғын тексеретін тесттен өткені туралы, оны жұқтырмағаны жайлы арнайы анықтама беріледі. Сол құжат арқылы да блок поссттардан кедергісіз өте алады», – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жергілікті штаб азаматтардың тіркелген аумағындағы штабқа олар туралы да ақпарат береді. Яғни, төтенше жағдай ережелеріне сәйкес, олардың өз аумақтарына кіруіне де ешбір кедергі болмайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button