Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
26 шілде бойынша, “Спутник V”, “QAZVAC”, вакциналарының I компонентін 984 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 26 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 135 668 адам “Спутник V”, “QAZVAC” вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 85 834 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмер бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92.