САРАПТАМА

Bek Air-дің шаруасы бітті ме?

Bek Air әуе компаниясының 300-ге жуық  қызметкері басшылық бұйрығымен кезексіз демалысқа шығып, үйде отырғандарын барлық ақпарат көздері жазуда. Кезексіз демалыс үшін ақы төленбеген. Otrar Travel туристік компаниясына Bek Air ондаған миллион теңге қарыз екені және алдын-ала билет алып қойған азаматтарға ақшасы қайтарылмағаны мәлім болды.

 «Әуе компания еш байланысқа шықпай, телефон қоңыраулары мен хаттарға жауап бермей отыр» – депті  Otrar Travel компаниясының басқарушы директоры Ирина Бунакова.

Кеше Bek Air Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қайта ұшуға рұқсат беретін сертификатты қайтару жөнінде өтініш білдіріп, хат жазды. Бірнеше рет жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін оқиғалар орын алып, қарыз бен даудың астында қалған компанияға оң жауап келуі екіталай. Десек те, бәрі мүмкін.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button