САРАПТАМА

МӘМС жүйесіне қатысушылардың қандай құқығы бар?

Медициналық сақтандыру қоры аурухана, емханалар ұсынған медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылауда ұстайды.
Бірінші. Егер сіз көрсетілген медициналық қызметтің сапасына қанағаттанбасаңыз, медициналық қызметкер дөрекілік танытса, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақша бопсаласа немесе басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, кері байланыс үшін телефон нөміріңізді қалдырып, жазбаша шағымдануға құқылысыз.

Екінші. MVoter мобильді қосымшасы  жұмыс жасайды. QR кодты сканерлеп пациент, көрсетілген медициналық көмекті мынадай параметрлер бойынша бағалай алады: қабылдауды күту уақыты, қызмет көрсету, дәрігерлердің ұсынымдарының нақтылығы мен түсініктілігі, қызмет көрсету шарттары. Mvoter бағдарламасын қалай орнату керек? PlayMarket немесе AppStore жүктеп алыңыз

 Үшінші. Mvoter қосымшасын жүктей алмасаңыз, онда медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне қоңырау шалып, кез келген сұрағыңызғажауап аласыз.

Төртінші. Қордың сайтында «Халықтық бақылау» бөлімі бар, онда сұрақтарды жазбаша жолдауға, көңіліңіз толмаған қызметтер бойынша ұсыныстар мен шағымдар қалдыруға, ақша бопсалаған және заңсыз сыйақы талап еткендер туралы хабарлауға болады.

Бесінші. Әрине, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларғада @osmskz сұрақтарыңызды жолдауға болады. МӘМС қоры халықтың берген бағасы медициналық мекемелерді қызмет сапасын арттыруға ынталандыратынына сенімді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button