САРАПТАМА

Испанияда қазақстандық кәсіпкер белгісіз жағдайда қайтыс болды

Марат Сабалақовтың денесі Испаниядағы вилланың бағынан табылған. Сондай-ақ, ер адамның мәйіті Аликанте қаласындағы заң медицина институтына тапсырылды. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

«Испан полициясы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын хабарлаған. Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында консул оқиға орнына аттанды», – депті Сыртқы істер министрлігінің  ресми өкілі Айбек Смадияров.

Марат Сабалақов – инвестициялық топтың иесі. Forbes тұжырымы бойынша 2015 жылы Қазақстан рантье рейтингіне кірген. 2015 жылы қарашада Словакияның құрметті консулы мәртебесіне ие болды. Оның функциясына Словакия мен Қазақстан арасындағы экономика, сауда, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы қарым-қатынастардың жақсарту кірген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button