Амангелді Сейітханның неден қайтыс болғаны белгілі болды

by Depti
0 views

Белгілі спорт комментаторы 15 тамызда дүниеден өтті. Соңғы екі аптада жансақтау бөлімінде коронавирус инфекциясымен күрескені хабарланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Амангелді Сейітханның қазасына байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазды Президентттің баспасөз-хатшысы Берік Уәли.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

«Белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Амангелді Муатқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын», – деп жазылған президенттің көңіл айту жеделхатында.

Журналист 15 тамызда дүниеден өтті. Оның соңғы екі аптада жансақтау бөлімінде жатып коронавирус инфекциясымен күрескені хабарланды.

Амангелді Сейітхан 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары болды.

«Құмсағат» бағдарламасы спорт ақпараттарының продюсері қызметін атқарды. 1997 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com