АТЫРАУДА

«ЗӘРУ» – ЖАНҒА ДӘРУ

            Әлемдегі Қытай, Жапония, Оңтүсітк Корея секілді өркениетті елдер пантымен емдеуді (маралдың  қаны, марал бұлауы) ХҮІІІ-ғасырдан бастап, қолға алған көрінеді. Біздің Қазақстанда пантымен емдеу Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданында жақсы жолға қойылған. 2018 жылы Ақтөбе облысына 50 маралды алып келіп, жерсіндіріп, табиғи күтім жасап, бүгінде маралдардың саны 300 басқа жеткен.

            Қазіргі кезде қауіпті індет зәрін шашып, адам баласына қауіп-қатер төндіруде. Дәрігерлердің көмегі арқасында қатарға қосылғандары да бар. Дегенмен, әрбір адам өмірге құштар, салауатты өмір салтын ұстанғанды мақсат етеді. Ең бастысы, денсаулығыңды сақтап, жігеріңді мұқалтпай, алдағы күнге сеніммен қараған дұрыс.

            Жақында, Ақтөбе облысында «Зәру» деп аталатын пантымен емдеу шипажайының ашылғанын естіп, білдім. Бұл емдеу орталығы Мәртөк ауданы, Казанка селосында орналасқан. Шипажайдағы қызметкерлердің мейірімді  жүзі, ізгі ілтипаты, жылы қарым-қатынасы айрықша ұнады. Ем-дом іздеп келген жандардың көңіліне демеу, басына сүйеу бола білді.

            Әсіресе, шаруа қожалығының басшылары Ертарғын Тілегенов, Бану Тілегенова, медициналық қызметкерлер Фриде Мусейбова, Татьяна Киценко, Гүлайым Табангереева, қызметкерлер Ләззат Құланбайқызы, Жанар, массажист Сайра, даяшы Наурыз демалушылардың бабын тауып, олардың толыққанды емделуіне барлық жағдайды жасады. Кейде, біз емделуге, демалуға алыс-жақын шетелдерді, шалғай облыстарды тәуір көреміз. Алайда «Зәруде» демалған кезімізде, «алысқа ат шаптырудың» қажеті жоқ екендігін байқадық. Шипажайдың бөлмелері өте таза, тамағы сапалы. Спортпен шұғылдануға, таза табиғат аясында демалуға, экскурсияға шығуға толық мүмкіндік қарастырылған. Емделуге келген әрбір адам тіршілік тауқыметінен арылып, жан жүйесін сергітеді. Ұжымдағы қызметкерлердің ыстық ықыласы, кішіпейіл көңілі, жанашырлық қасиеті тынысыңды кеңейтіп, науқасыңды емдеп шыққандай болады. Бұрын біз, пантымен емдеу дегенді сырттай білетін болсақ, енді көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай болдық.

            Әрбір адам баласының деніне саулық, басына амандық, көңіліне – көрік сыйлаған шипажай қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіре отырып, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деген халық нақылын қаперге бергенді жөн көреміз!

Айдар Рамазанұлы Сабыров,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button