КешYou тобының бұрынғы әншісі Назым Әбілдина елде болған “Қаңтар қырғынына” қатысты пікірімен бөлісті.
Әнші осы уақытқа дейін өзіне келе алмай жүргенін, тек қайғырумен болғанын атап өтті. Ол халықты Елбасын даттамауға шақырды, деп жазады Stan.kz тілшісі.
“Соңғы уақыттары елімізде болған жағдайларға байланысты, біраз эмоционалды тұрғыда өз-өзіме келе алмай жүрдім. Ойласам, амалым жетпей тек қайғырумен болдым. Қайран елім!
Қаншалаған пікіріммен бөліспедім. Десе де саясатқа араласқым келген жоқ. Өйткені жоғарыда саяси сауаты мықты, ақылды, парасатты адамдардың барына, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосатындығына сеніммен қарадым.
Бірақ мен өз тарапымнан “Бәрі өз қолымызда” екенін айтқым келеді. Достар, шынында еліміздің жаңаруына, өркендеуіне бәріміз үлес қосайықшы! “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” – дегендей, баршаңызды бірлікке шақырғым келеді!