Қала шетінен ер адамның мүрдесі табылды

by Depti
0 views

Қала шетінен денесінен зорлық-зомбылық белгісі бар ер адамның мәйіті табылды. Ол бірге ішімдік ішкен таныстарының қолынан қаза тапқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің дерегінше, өңірде биылғы 5 айда кісі қолынан 11 адам көз жұмған. Осы істер бойынша 26 күдікті анықталды. Олардың жартысы – жұмыссыздар, бұрын сотты болғандар мен масаң күйде өз әрекетіне жауап бере алмағандар. Оқиғаның көбі қоғамдық орындарда болған.

Облыстық прокуратура тарапынан жүргізілген талдау-зерделеу жұмыстарының нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың басты себебі анықталды. Бұл қылмыстың басым көпшілігі отбасындағы дау, кикілжің, түсінбеушілік, жұмыссыздық, ішімдікке салыну, бір-біріне ауыр сөз айту, ар-намысын қорлау секілді жағдайлардан туындаған.

“Қала тұрғыны спирттік ішімдікке салынып кеткен әкесін іздеп полицияға хабарлаған. Тергеп-тексеру барысында қала шетінен әкесінің зорлық-зомбылық белгісі бар мәйіті табылды. Бұл оқиғаға қатысты әкесінің бөтелкелес таныстары ұсталды. Олар қылмыстық әрекетін жасыру үшін мүрдені қала шетіне апарып көміп тастаған” depti Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com