Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, оны ұйымдастырғандар сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігі “ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған” depti. Сол арқылы табыс табуға шақырған.
2018–2021 жылдары WBC қаржы пирамидасы жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, пирамидалық схеманың тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды. Агенттік қазақстандықтарға қырағы болуға және ақшаны күмәнді қаржы институттарына салмауға кеңес береді.