Қазақстандықтардың 76%-ға жуығы Ата Заңға түзетулер енгізуді қолдайды

by Depti
0 views

Қазақстандықтардың 75,9%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын.

AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген Referendum: Halyq üni зерттеуінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ұйымның мәліметінше, ел тұрғындарының 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сондай-ақ әлеуметтік деректер азаматтардың көпшілігі қолданыстағы Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отырғанын көрсетті. «Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын дәлелдеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты»,- деді Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева. Айта кетейік, жүйелі әлеуметтануды қалыптастыру мақсатында «Әлеумет» жобасы тұрақты негізде зерттеулер жүргізеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com