Ол енді құшақтай алмайды

by Depti
0 views

Батыс Қазақстан облысында ток соққан төрт жасар баланың екі қолын кесіп тастауға тура келді, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.

Бала басқа балалармен бірге өзі туып-өскен Жанғала ауданындағы Жаңақазан ауылында көшеде ойнап жүріп, трансформаторлық қосалқы стансаға барған. Ашық жатқан қоршаудан әрі өткен ол қолымен электр сымын ұстаған кезде тоқ соққан. Оны шұғыл түрде облыс орталығына жеткізіп, дәрігерлер ота жасады. Қазір баланың жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр.

Таратушы электр желілері компаниясы зардап шеккен баланың отбасына 200 мың теңге бөлді. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қамқор жандар қаражат жинай бастады, балаға протез керек.

“Төрт бала ойнап жүріп қосалқы стансаға кірген ұлымды тоқ соқты. Қалған балалар бізге жүгіріп келіп, ұлымыздың өртеніп кеткенін айтты. Қазір ол түні бойы шошып ұйықтай алмайды, қолымда көтеріп жүремін” дейді ауыл тұрғыны Әсел Айтжанова.

“Аудандық ішкі істер бөлімінде комиссия құрылды. Тергеуден кейін шешім қабылдайды. Подстансада қауіпсіздік талаптарына сай ескерту плакаттары ілінген, бірақ балалар қауіптің бәрін түсінбейді. Біз әлі де мүмкіндігінше көмектесеміз” depti “ЗапҚазРЭК” бас инженері Асқар Ғайсин.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com