Роза Әлқожа Украинаға қатысты ШҰҒЫЛ МӘЛІМДЕМЕ жасады

by Depti
0 views

Қазақстандық әнші Роза Әлқожа желіде Украинадағы жағдайға қатысты жазба жариялады.

Өнер иесі украин халқының басына түскен жағдайға алаңдап, өзі де ауырып қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Роза Әлқожа Украина үшін алаңдаулы екенін Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Ол бүкіл әлем бақылап отырған шиеленістің тез арада дұрыс шешімін тауып, бейбітшілік орнауын тіледі.

“Жүрегіндегі құдайын жоғалтып алғандар ақыреттегі азабына дейін адамға азап көрсетуден тартынбас! Біреуге болсын демеген оңбас, дегені болмас. Украинаға алаңдаулы халдеміз. Бейбітшілік болсын әлемде! Айналаға аңқылдап жүріп ауырып қалдым. Үш күн дегенде үйіме әрең жеттім ғой! Алда концерт. Аллаға тапсырдым”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген де Ресей мен Украина қақтығысына қатысты пікір білдіріп, қантөгісті тоқтатуға шақырды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com