САРАПТАМА

15 БАЛАСЫ БАР АНАҒА 159 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды 8-ші және одан кейінгі балаға саралауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«Көпбалалы отбасыларға табыстарына қарамастан, балалар санына қарай сараланған мөлшерде 42 500-ден (4 бала) 74 400 теңгеге дейін (7 және одан да көп бала) төленетін жәрдемақы енгізілді. Бұл жәрдемақы қазірдің өзінде шамамен 370 мың отбасына төленді. 2020 жылға осы мақсаттарға бюджетте 177,6 млрд. теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта 8-ші және одан кейінгі балаға арналған жәрдемақыларды шамамен әр балаға 4 АЕК-тен саралау мәселесін қарастырудамыз. Мысалы, 8 балаға берілетін жәрдемақы мөлшері 85 мың, 10 балаға – 106 мың, 15 балаға – 159 мың теңгені құрайды», – depti Біржан Нұрымбетов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button