АТЫРАУДАҚазақстандаСАРАПТАМА

42500: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛМЕЙДІ?

 Жеке куәлігінің мерзімі карантин кезінде өтіп кеткен азаматтар жәрдемақы тиесілі болған жағдайда тиісті орындарға өтінім бере алады.

Бұл туралы ​ Жергілікті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысы бойынша ​ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмагүл Шатенова хабарлады.​

Сондай-ақ, Алмагүл Шатенова қандай жағдайда әлеуметтік көмектің берілмейтініне түсінік берді.

 «Мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақы ұлттық басқару холдингі, ұлттық холдинг, ұлттық компания қызметкерлеріне төленбейді.

Сонымен бірге, Қазақстанда тұрмайтын азаматтарға, ​ бірнеше жерде жұмыс жасап жүргендерге және соңғы бір жыл бойына ешқандай ​ әлеуметтік төлем төлемей, зейнетақы төлемдері түспеген азаматтарға берілмейді.​

Және карантин кезінде қайта жұмысқа шыққан азаматтарға немесе адам қайтыс болған жағдайда әлеуметтік ​ төлем толықтай тоқтатылады» деп нақтылады спикер.

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша әлеуметтік төлем бойынша бір күнде 10-15 мың өтінім қаралуда.​

Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін Атырауда 107 340 адамға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы төленді.​

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button