САРАПТАМА

Бейіттегі темір қоршауларды тонағандар ұсталды

Қызылорда қаласына қарасты Ж.Махамбетов ауылында зираттан темір қоршау мен металл қақпаларды ұрлаған екі адам ұсталды. Анықталғандай, олар ұрланған заттарды металл қабылдау пунктіне тапсырған.

«Тексеру барысында күдіктілердің облыс орталығында жасалған осы тектес тағы екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Барлық дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — депті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button