САРАПТАМА

«Голос» шоуында таңдай қақтырған таксистің шындығы ашылды

Жақында Украинадағы «Голос» бағдарламасының дәстүрлі оныншы маусымына қатысып, әділ-қазыларды таң қалдырған таксист Ерлан Байбазаровтың шындығы ашылды. Көпшілікті өзін такси жүргіземін деп сендірген. Шын мәнінде Ерлан Байбазаров кәсіби домбырашы болып шықты. Ол тіпті бірнеше жыл Президент оркестрінде қызмет еткенін әншінің продюсері Диана Шарапова мәлімдеді.

«Украиндағы «Голос» шоуында ол бір әнді екі түрлі дауыспен орындап шықты. Ал әділ-қазылар әнді бір адам емес, дуэт шыршап тұр деп ойлаған. Тіпті, шоудың ресми Instagram парақшасында да Ерлан Байбазаровтың ән салып тұрған сәтінен үзінді келтірген», – депті Шарапова.

Айта кетелік, Ерлан Байбазаров «Голос» шоуында танымал дуэт Настя Каменских пен Потапты таңдады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button