ҚАУІПТІ ДЕЗИНСЕКЦИЯ ЖӘНЕ ДЕРАТИЗАЦИЯ ҚҰРАЛДАРЫН САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

by Depti
1 views

Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын уытты заттармен улану фактілерінің тіркелуіне байланысты жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға 1, 2, 3 қауіптілік сыныпқа  жататын дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды.

Қазіргі уақытта ондай қызметтерді көрсету  лицензиялауға жатпайды. Сонымен қатар сауда орындарында, қалалардың, елді мекендердің базарларында халыққа дезинсекциялау және дератизациялау құралдары еркін бақылаусыз сатылуда.

 Бұл тұрғыда халықта дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын дұрыс пайдаланудағы арнайы дағдыларының болмауы мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындардың ағзасы уытты заттармен уланып, өлім жағдайлары тіркелді.

Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарына сауда орындарынан, базарлардан 1, 2, 3 қауіптілік сыныпқа  жататын дезинсекция және дератизация құралдарын көрген жағдайда шұғыл түрде  өздеріне (Атырау қаласы, Гурьевская көшесі, 7а) немесе аумақтық басқармаларына жазбаша түрде жүгінуіңізді сұрайды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com